«Сарыарқа» газетінің қазақ журналистикасы тарихындағы орны

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2023-142-1-51-58
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазақ журналистикасы тарихында ерекше орны бар, «Алаш» партиясының жария үні болған «Сарыарқа» газетінің тарихы мен шығарушылары туралы, тақырыптық ерекшеліктері жөнінде деректерді салыстыра бағамдауға арналып отыр. Қазақ журналистикасы тарихында тұңғыш саяси басылым ретінде шығып тұрған «Сарыарқа» газеті алғашқы сандарынан бастап халыққа бостандық пен теңдіктің мәнін терең түсіндіріп, үндеу жасап, саяси өзгерістерді батыл талдауға үлгі көрсете білген басылым. «Алаш» партиясы құрылғаннан бастап, партия тарапынан өткізілген іс-шаралардың бәрі газет бетінде толық көрініс тапты. А.Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газеті қазақ ұлтының оянуына түрткі болса, ал «Қазақтан» нәр алған «Сарыарқа» басылымы оянған ұлттың жаңа мемлекет құрудағы талпынысын, ұмтылысын толық бейнелей алды. Зерттеу мақаланың мақсаты – «Алаш» партиясының жария үні болған «Сарыарқа» газетінің қазақ елінің шынайы тарихын қалыпқа келтірудегі маңыздылығын басты назарда ұстай отырып, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін бағалау, басылымда қажырлы еңбек еткен Алаш қайраткерлерінің публицистикалық мұрасына баға беру және бүгінгі ұрпаққа насихаттау. Мақаланы жазу барысында «Сарыарқа» газетіне қатысты тың деректер пайдаланылды, бүркеншік есімдерге тaлдaу жасалынып, басылымның тарихы мен даму ерекшеліктеріне cараптама жасалынды.