Аңдатпа
Мақалада моноқалалар мен қала құраушы кәсіпорындар арасындағы өзарабайланысы және қазіргі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері қарастырылады. Қала құраушы кәсіпорын негізінде қаланың әлеуметтік-экономикалық ортасы қалыптасады, оның сапалық сипаты мен даму деңгейі халықтың өмірсүру деңгейіне үлкен әсер етеді. Қала инфрақұрылымдарының дамуы, сондай-ақ, аумақтың инвестициялық құндылығы қала құраушы кәсіпорынның жұмыс істеуі үшінжағдай жасауға, сыртқы орта жағдайларын жасауға мүмкіндік береді. Бұдан тек қалаэкономикасы ғана емес, сонымен бірге, бүкіл өңірді дамытуға арналған стратегиялықіс-шаралар, ең алдымен, қала құраушы кәсіпорындардың қызметіне байланысты жағдайлар қарастырылған.