Аңдатпа
Елiмiзде бренд те цифрлық технологиялар сияқты маркетингпен қатарқарқынды дамуда. Маркетинг дегенiмiз - идеяларды жоспарлау, алға жылжыту және жүзеге асыру үдерісі болса, онда брендинг – бұл өнiмдi пайдалану нәтижесiнде сатып алушыда қалатын әсерлер жиынтығы. Әр тұтынушыға психологиялық әсер етпей брендингтiелестету мүмкiн емес. Өнiмнiң техникалық сипаттамасынан басқа, маркетологтармен PR мамандары сатылымның өсуiне әсер ететiн психологиялық әдiстердi бiлуi керек. Сонымен қатар, ұзақ мерзiмдi келешекке мақсатты аудиторияны қалыптастыруқажет. Мақсатты аудитория - кез келген маркетингтiк қызметтiң маңызды аспектiсi. Брендтiң мақсатты аудиториясының болуы бiзге нарықтық тұтынушылардыңбелгiлi бiр тобына шоғырлануға, оны қажеттi жерде дұрыс қарым-қатынаста сатуғамүмкiндiк бередi. Шындығында, бұл белгiлi бiр брендке мұқтаж және өнiм ұсынатынартықшылықтарға қызығушылық танытатын адамдар тобынан құралады.Бұл ғылыми мақала адамдардың брендтердi таңдауының негiзгi себептерiн және соңғыжылдары брендингтiң психологиялық әсерiнiң қандай жаңа құралдары пайда болғанынқарастыруды ұсынады.