Қазақстан Республикасында мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде кәсіпкерлікті инновациялық дамыту механизмінің тиімділігін анықтау

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2079-620x-2021-2-79-90
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақты дамытудың негізгі механизмдерінің бірі мемлекеттік жекешелік әріптестік (МЖӘ) болып саналады. Дамуинституттары мен экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпкерлердің өзара тиімдіәріптестігі арқылы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға болады.Авторлар бұдан бөлек кәсіпкерлер мен даму институттарының басты міндеттерімен негізгі мақсатын қарастырып, сызба сурет арқылы Қазақстанда МЖӘ негізіндекәсіпкерлікті инновациялық дамытуға жауапты ұйымдардың қызметі нәтижесіндеұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін әзірледі.Елдің экономикалық дамуына мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі оң әсер беретінқұбылыс екендігі туралы нақты дәлелдер мен көзқарастарын мемлекеттік бағдарламалар, заңдарды басшылыққа ала отырып келтірілген.Соңғы уақыттарда кәсіпкерліктің инновациялық даму қызметтін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында қабылданып, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттікбағдарламалар мен бірқатар нормативті-заңды құжаттар қарастырылды.Авторлардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекет пен кәсіпкерліктіңәріптестігі арасындағы қарым-қатынас негізінде кәсіпкерліктің инновациялық дамуүдерісінің жаңа механизмдері мен бағыттары анықталды