Аңдатпа
Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде, телеарналардыңжұмыс істеу тәсілдері мәселелеріне қатысты ғалымдар диссертация қорғап, ғылымимақалалар жазып жатыр. Телеарна пайда болғаннан бастап әртүрлі өзгерістерге ұшырады. Оның ішінде, контентке, жабдықтары мен көрсетілімнің сапасы да өзгеріп отырды және әлі де өзгеретіні сөзсіз. Алайда өңірлік телеарналар қашанда осы зерттеулердеқамтылмай қалады, себебі әр өңірдің телевизиясы жайлы жазып жатқандар кемде-кем.Материалдың аз, оның үстіне, кейбір аймақтық арналардың мұрағаттарында құжаттар сақталмаған. Дегенмен, автор түрлі материалдарға сүйене отырып, телеарналардаболған технологиялық өзгерістерді және формат ерекшеліктерін нақты мысалдарға, медиа сарапшылардың еңбектеріне сүйеніп жазған.