Аңдатпа
Мақалада отандық телеарналарда интерактивтілік, яғни кері байланысүдерісінің қалай жүзеге асып жатқандығы туралы сөз болады. Көрермен мен теледидарарасындағы байланыстың орнығуы – сапалы телеконтенттің туындауына әсер етеді.Демек, «Қазақстандық арналар осы жолда коммуникацияның қандай түрін қолдануда?Олар Интернет кеңістікке бейімделе алды ма?» деген сауалдарға ғылыми тұрғыда сараптама жасалады. Сонымен қоса, әлемдік телеөндірістегі интерактивті телеарналартәжірибесі отандық телеарналар қызметіне қаншалықты әсер еткендігі, коммуникциялық технологиялар ғана емес, Интернет желілері арқылы да массмедиа мен аудиторияарасындағы интербелсенділік деңгейін көтеруге болатын факторлар анықталады.Телетәжірибе көрсетіп отырғандай, көрермен үшін маңызды факторлардың бірі – телеөнімінің соңғы нәтижесіне әсер ету. Осы тұрғыда телевизия қызметінде коммуникациялық үдерістерді дамыту, тікелей эфирде және on-line режімдегі хабарларға сұранысты арттыру мәселесі қарастырылады. Сонымен қоса, телеарналардың әлеуметтікжелілермен байланысы талданып, оны «Қай арна қаншалықты тиімді қолданып отыр?Тележурналистер әлеуметтік желідегі парақшаларын қызмет бабына қосымша ретіндепайдалана алып жүр ме?» деген сауалдарға да ғылыми тұрғыда жауап ізделеді