Мемлекеттік медиаобраз, имидж, бренд: мәні мен маңызы

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2021-135-2-34-42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада образ, имидж, бренд ұғымдарының шығу тарихынан бастап,қазіргі таңдағы қолданылу аясы толыққанды сипатталады.Бұл ұғымдарды орындарын алмастырып қолданбай, бір-бірінен ажырата білуіміз керектігін ресейлік ғалымдар жарыса жазғанымен, зерттеу сипатына қарай, кейде олардыбір-бірінің орнына қолдануға болатынын байқаймыз. Алайда, мемлекет имиджі/образыконтексінде белгілі бір елдің ішкі және халықаралық кеңістіктегі өзінің позитивті бейнесін қалыптастыруға күш салған жағдайларды зерттеуді басты нысанына алған ғылыми жұмыстарда, «имидж» және «образ» түсініктері бірге қолданыла береді. Соныменқатар образ/имидж/бренд ұғымдары, көбінесе, кешенді түрде емес, жұпта қарастырылады.Яғни, образ/имидж және имидж/бренд қатар пайдаланылатыны байқалады. «Образ»бұрыннан бар, өздігінен қалыптасқан бейнемен байланыстырылса, «имидж» - қолданыста бар, бірақ құрастырылған бейне. Ал «бренд» болса, экономика, туризм және маркетинг саласына байланысты қолданылады. Мемлекеттің медиаобразын зерттеудеимидж, бренд ұғымдарының түп-тамырын анықтап, олардың мәнін айқындау – мақаланың басты мақсаты. Себебі, зерттеу жұмысын жазу барысында ұғымдарды орныменқолдану, айтқымыз келген ойдың түсінікті болып жетуіне септігін тигізбек. Осы орайда, зерттеу барысында аталған терминдердің қолданылуын тереңірек зерттеуге атсалысқан бірқатар ресейлік ғалымдардың еңбектері егжей-тегжейлі талданды. Атап айтар болсақ, Е.Б. Шестопал, И.В. Сидорская, А.А. Гравер, Э.А. Галумов, А.П. Панкрухин,А.П. Игнатьевтер мемлекеттік образ, имидж, бренд түсініктерін жан-жақты ашқан.Мақалада әлемнің ірі ақпарат агенттікттіктерінің бірі - BBC.com сайтының жаңалықтарына контент-талдау жасалды. Талдау барысында сайттағы Қазақстан жайында жазылған материалдарға, олардың мазмұнына баса назар аударлылды. Оныменқоса, мақалада негативті жарияланымдардың Қазақстанның мемлекеттік образына,имиджіне тигізер зияны баяндалды.