Медиаресурстарды жіктеу мәселелері

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2021-135-2-49-55
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ақпараттық қоғамдағы адам қызметінің маңызды платформасына айналған медиаресурстардың қалыптасуы, даму кезеңдері, жіктелу мәселелері сипатталған. Медиаресурстар типологиясында біртұтас, жалпыға бірдей қабылданған жіктеулері мен моделі әлі пайда болған жоқ. Бірақ медианың әртүрлі салаларындағы әртүрліжұмыстар маңындағы категорияларды жіктеу кезіндегі ғалымдардың критерийлері,жіктеу нәтижелері көрсетілген.Сонымен қатар мақалада агенттіктердің медиа нарықтағы орны мен рөлі, типологиялық түрлерді айқындайтын критерийлер келтірілген. Типологиялық белгілердіңсипатын, типологиялық топқа бөлінуін анықтайтын факторларды, типішілік айырмашылықтарды жалпы медиаресурстар типологиясының алғашқы нұсқасын құрастырып, қолдануға болатыны нақты дәлелмен көрсетілген.Медиаресурстарды пайдалану көлемі GoogleChrome браузеріндегі іздеу нәтижелері бойынша алынған. Медиаресурстарды пайдалану салаларының үлесі мақалада пайызбеннақтыланған. Медиаресурстарды жіктеу мәселесі хронологиялық тұрғыдан дамып,оның кезең-кезеңге бөлінуі, бұл платформаның көбіне кәсіпқойларды қызықтыратындығына дәлел бар. Медиаресурстардың түрлері жаңа медиада дамып отырған платформалармен шектелмейді, дәстүрлі медианың да ықпалы орасан зор.Ғалымдар өз нұсқаларын технологиялық, мақсатты, географиялық немесе басқа қағидаттары негізінде ұсынады. Қазіргі қолданыстағы жіктеулердің көпшілігін әуесқойзерттеушілер, IT-бизнес саласындағы мамандар ұсынады. Сондықтан олар ғылымистандарттарға сәйкес келе бермейді. Қазіргі уақытта кәсіби зерттеушілер арасындамедиаресурстарды жіктеу үшін қандай критерийлерді қолдану керек деген ортақ пікіржоқ.Бұл жұмыста басқа авторлардың медиаресурстарды жіктеу ерекшеліктерін талдауарқылы медиаресурстардың типологиясын жасаудың бір талпынысы көрсетілген