Символдың ақпараттық-коммуникациялық және ұйымдастырушылық қызметі

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2020-133-4-99-107
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ақпараттық дәуірдің ақпарат жеткізудегі ең тиімді, әрі ең жылдам әдістерінің бірі – символдарды пайдалану. Әсіресе, визуалды символдардың тиімділігіуақыт өткен сайын айқын сезілуде. Өйткені қазіргі аудитория визуалды ақпараттыжақсы қабылдауға бейімделген. Оған Интернет, түрлі цифрлық технологиялар ықпалетуде. Осындай ерекшеліктерге байланысты ақпарат таратуда, қандай да бір ұйымдастырушылық шараларында болсын символдарды қолдану белсенділігі де артты. Символдардың ақпараттық-коммуникациялық және ұйымдастырушылық қызметі көнедәуірден бері қарай жалғасып келеді. Оның әлі де өзекті болуының себебі коммуникацияға жағымды ықпалы, қолданысқа ыңғайлы, әрі тиімділігінде болып отыр. Бұл зерттеумақаламызда символдардың осындай ерекшеліктерін қарастырған бұған дейінгі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық жәнеұйымдастырушылық қызметінің негізгі аспектілеріне ғылыми-теориялық талдауларжасалады. Күллі әлемді шарпыған COVID-19 індеті кезінде кәдімгі масканың ұйымдастырушылық-ақпараттық және коммуникациялық қызмет атқарған символ ретіндегісипатына да ғылыми тұрғыдан саралау жүргізілді. Символдардың жалпы танымдық, қарым-қатынастық және тарихи код ретіндегі ерекшелігіне байланысты көптеген зерттеушілердің еңбектеріне сілтеме жасалды. Қоғамдық қатынастардағы маңызына ғылыми баға беріледі және визуалды символдардың ықпалдылық категориялары сарапталады