Қазақстандағы фактчек құбылысы (“Factcheck.kz” сайтының материалдары негізінде)

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2021-137-4-71-79
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғаламтордың күн өткен сайын қарқынды дамуы ақпаратты лезде алу мүмкіндігін арттыра түсумен қатар оқырман, көрермен, аудитория, желіні пайдаланушыарасында жаңа бір қиындықтарды туғызғаны жасырын емес.Сансыз ағылып жатқан ақпарат легіне тойтарыс беруге қарапайым тұлға дәрменсіз боларлық халге жетті. Эфирден, әлеуметтік желіден, ұялы телефоннан бізге “тықпалап”жатқан ақпараттың қаншалықты шындыққа сай екендігін ажырату күннен -күнге қиындай түсуде. Тіпті, белгілі бір дәрежеде интеллектуалды сауаттылығы жоғарыадамдардың өзіне шынайы және жалған, “аз ғана өтірік қосылған”, “аздап ғана бұрмаланған”, “ негізгі фактінің маңыздылығы екінші дәрежелі ақпараттың арасына жасырылып берілген”, яғни, “қиюы келістіріліп, құрастырылып” ұсынылған ақпараттыңақиқат-жалған екендігін ажырату қиындап барады.Мақалада жалпы фактчек жүргізудің жолдары көрсетілген. Авторлар фактчек құбылысының пайда болу тарихына тоқтала келе, елімізде осы бағыттағы жұмыстыалғашқылардың бірі болып бастап берген “Factcheck.kz” іспетті нақты медиаресурсарқылы фактчектің практика жүзінде іске асырылуын саралайды. Бұқаралық аудитория арасында медиасауаттылықты қалыптастыру және ақпаратқа сыни талдауқажеттілігінің өзектілігі атап өтіледі.