Қазақстандағы балалардың киберқауіпсіздігі: проблемалары мен шешу жолдары

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2021-137-4-64-70
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі кезде елімізде өзекті болып отырған интернет кеңістігін құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесінің маңыздылығы сипатталады. Оның ішіндеғаламтордың балалар үшін зиянды қауіп-қатерінің күннен-күнге артып келе жатқандығы туралы сөз болады. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес, барлық әлемнің құқыққорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұның себептері де салмақты,біріншіден, бұл ұлттық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінқорғау, екіншіден, сөз бостандығы мен жариялылығы мәселелерімен тығыз байланыстақарастырылатындығында болса керек. Әлемнің дамыған елдерінде интернет кеңістікті заңдық тұрғыдан реттеу тәжірибесі кеңінен қолданылып келеді және олар ғаламтордың шексіз мүмкіндігін заңсыз әрекет етуші күштердің пайдалануына тосқауыл қоюдың түрлі әдіс-тәсілдерін ойластырып қойған.Автор еліміздегі әлеуметтік желілердің балаларға қолжетімділігі және оның ықпалытуралы деректерді алға тарта отырып, бұл бағытта мемлекет пен қоғам тарапынанзаңдық реттеу шараларын қолға алу қажеттігін көрсетеді.Бұл тұрғыдан алғанда біздің елімізде бұл мәселе соңғы екі-үш жылда ғана қоғам тарапынан кеңінен талқыланып, заңдық тұрғыдан реттеудің қатаң шаралары қолға алынып жатыр. Мақала авторы осы бағыттағы шетелдік реттеу шараларын жан-жақтыталдай келіп, сонымен қатар олардың озық тәжірибелерін сараптайды. Мәселен, терроризмді насихаттау, бейәдеп сөзбен балағаттау мәселелерін реттеуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі сөз етеді. Осылайша нақты деректер негізінде мәселені салыстыра қарастырып, еліміздегі интернет кеңістікті бақылаудың кемшіліктерімен жетілдірер тұстарын ашып көрсетеді.Еліміздегі ақпаратты бұғаттау және оны қайта қалпына келтіру тәртібі ақпараттыңнемесе ақпараттық ресурстың мазмұнына тікелей қатысты. Заңнама бойынша оларжүйеленіп, нақты атап көрсетілген.