Аңдатпа
Баспасөз қызметінің сыртқы – мақсатты аудиториямен байланысы ішкібөлімдермен нақты жоспарланып, әрқайсысының атқаратын міндеттеріне сәйкесбелгіленеді. Мұндай орнықты басқару үлгісі ретінде Қазақстан РеспубликасыПрезиденті баспасөз қызметінің ақпараттық және қоғамдық байланыстағы қызметінмысалға алуға болады. Президент аппаратының баспасөз қызметіндегі қызметкерлердіңқызметтік атқару құрылымы нақты әрі дәл бөлініп берілген. Өкінішке орай, бірқатарқұрылымдардың баспасөз қызметі өз қызмет ауқымына кірмейтін қосалқы қызметтүрлерімен айналысады: жарнама, PR, GR, маркетинг, өнімдерді жылжыту т.б. Көпжағдайда бұл міндет объективті жағдайлардан туындайды, яғни, қаражат қорыныңжетімсіздігінен орын алады. Негізінен баспасөз қызметінің міндеттерін айқындайтыннақты жүйе атқарылатын жұмыстың технологиясына байланысты қалыптасуы тиіс.Қазақстан жағдайында мұндай қызмет себеп пен салдарды түсінбеуден,қызметкерлердің өз нұсқауларын білмеуден туындайды. Мақалада, міне, осы баспасөзқызметінің PR саласында тиімді әрі орнықты жұмыс істеуіне нұсқаулық беретінбірқатар мәселелер сөз болған.