А. Байтұрсынұлы – ұлттық журналистиканың негізін қалаушы

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2022-139-2-103-109
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұлтқа адал қызмет етудің хас үлгісін өз еңбегімен тарихымызға тасқа қашағандай етіп, өшпестей таңбалап кеткен Ахмет Байтұрсынұлының халқымыздыңжоғын түгендеп, барын бүтіндеуге, ұлтымыздың сана-сезімін кемінде елу жыл алға оздыруға сіңірген өлшеусіз қызметін түгел айту үшін том-том кітап жазсақ та, түгесеалмайтын шығармыз. Бір ғана қыры – ұлттық журналистикамыздың қалыптасуынақосқан үлесінің өзін таратып айтуға бір ғылыми мақала тұрмақ, тұтас монографияарнасақ та сыйғыза алмасымыз анық. Сол себепті бұл жолы тақырыпты толық ашуүшін ғылыми тұжырымдарымызбен ғана бөлісуді жөн көрдік.Әу баста айтарымыз, бар саналы ғұмырын халқының қамын күйттеуге арнаған, солжолда қуғын-сүргіннің жеті атасын көріп, әуелі патшалық Ресейдің, кейіннен КеңесОдағы аталатын алып империяның саяси қуғын-сүргін, зорлық-зомбылығын бастан әбден шегіп, ақырында ату жазасымен үлкен жүрегі мәңгілік дамыл тапқан Ұлт Ұстазынаарнап талай шара ұйымдастырылар, Тәуелсіз Қазақстанның әр қаласынан алып ескерткіш ашылар, ерен еңбегіне қарай бар сый-сыяпаты жасалар. Ел егемендігін сақтап тұрарболсақ, ол күн де туар, оған ешқандай күмәніміз жоқ.Дей тұрсақ та, ең үлкен құрмет Ұлт Ұстазының ұлы идеяларын, уақыт сынынан өткен асыл ойлары мен ұрпаққа қалдырған өсиеттерін бұлжытпай орындап, шынайы жүзеге асырсақ, басқаша айтқанда, аманатқа адалдық танытсақ, әруақ алдындағы парызымыздың ең үлкен өтемі сол болар еді-ау деген ой санамызда жаңғырады.