Аңдатпа
Ақпараттың космостық жылдамдықпен дамып жатқанын ескерсек,сәйкесінше, жаңа технологиялардың да күн санап дамуы заңды құбылыс. Жалпы, ХХІғасыр – цифрлық медиа мен жаңа медиа мүмкіндіктер ғасыры екендігі бәрімізге мәлім. Солсебепті, жаңа медиа технологияларды, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардыигерудің маңызы артты әрі әртүрлі сипаттағы тенденциялар да пайда болды. Негізінен,жаңа медианың дамуында әртүрлі тенденциялардың болуы да заңды, себебі, жаңатехнологиялар қоғамның барлық саласына әсер етті, яғни, көптеген салаларды біріктірді,трансформацияға ұшыратты. Заманауи медиажүйеде әртүрлі деңгейдегі, жаһандық жәнежергілікті, сыртқы және ішкі мәселелердің туындағанын байқауға болады. Мәселен, жаңамедиажүйе элементтерінің ішкі және сыртқы байланыстары арасындағы диспропорция,әртүрлі субъектілердің, субъектілер мен аудиторияның өзара әрекеттестігінің болмауыт.б. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Біз осымақалада, алдымен жаңа медиалардың түрлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарыныңболашағына, олардың даму тенденцияларына тоқталатын боламыз. Атап айтсақ,мобильді бейнемаркетинг, VR, AR – бағдарламалық құрылғылары т.б. және жаңа медиамен ескі медиа арасындағы тенденциялар, технологиялық конвергенциядағы тенденциялар,БАҚ конвергенциясындағы тенденциялар т.б. Жаңа технологиялардың дамуымен қатар,цифрлық мәдениет қалыптасып келе жатқан қоғамда, жаңаша бағыттар мен жүйелердің- медиортадағы функциясы мен қызметін, әрі даму сатысындағы кедергілері менмүмкіншіліктерін ескеру маңызды.