Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мерзімді баспасөзінің тақырыптық ерекшеліктері

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2021-136-3-64-74
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Автор мақалада тәуелсіздік жылдарында жарық көрген баспасөз тарихына қатысты ғылыми еңбектерге, жинақтар мен энциклопедияларға шолу жасайды. Баспасөз тарихын зерттеудің маңызыдылығына тоқтала отырып, «Ақ босаға» мен «Түркістан» газеттерінің тақырыптық, проблемалық ерекшеліктерін айқындайды. Автор газет беттерінде жарық көрген бірқатар өзекті мәселелерге арналған танымдық, проблемалық мақала мен сұқбаттарға тоқталады. Сондай-ақ тақырып таңдаудағы екі газеттің мазмұнын қарастырады. Басылым көтерген мәселенің маңызын ашып көрсетеді, журналист көтерген тақырыптың шешім табу нәтижелерін көрсетеді. Осы мысалдар арқылы баспасөздің қоғамдағы пәрменділігін атап өтеді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарық көрген баспасөздің нарық талаптарына төтеп беріп, тұрақты оқырман аудиториясын қалыптастыру әдістеріне тоқталады. «Ақ босаға» газетінің «Қолаң шаш» сайысын ең ұтымды деп таныса, «Түркістан» газетіндегі қандастар мәселесіне арналған «Атажұрт» қосымшасында жарық көрген мақалаларға талдау жасайды.Автор екі басылым редакторларының менеджерлік қызметіне мысалдар келтіре отырып, бүгінгі медиа саласындағы менеджменттің маңыздылығына тоқталады. Сондай-ақ қазіргі басылымдарға олардың тәжірибесінен бірнеше мысалдарды үлгі ретінде ұсынады.