The influence of the press of the party leadership of Kazakhstan in the ninth five-year plan on military personnel (1971-1975)

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2023-142-1-66-72
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Тоғызыншы бесжылдықтағы Қазақстан партиялық басшылығы баспасөзінің әскери қызметшілерге әсеріне қатысты мақалалар мен ғылыми жұмыстар қаралды. Кеңестік жүйе кезеңіндегі республиканың партиялық ұйымдары жүзеге асырған баспасөз қызметтерін басқару тәжірибелері барынша зерделенді. Зерттеу барысында аталмыш тақырыптағы жұмыстардың зерттелеуі, жинақталуы және ғылыми негіздеріне шолу жасалды. Баспа арқылы басқарудың пәрменді нысандары мен әдістерін бөліп көрсету жолдары қарастырылды. Оларды жетілдіру мен жүзеге асыру жолдары анықталды. Партия мен Кеңес үкіметінің басшылық құрамының сол кезеңдердегі Қазақстанның партиялық-кеңестік баспасөз жүйесінің дамуына және журналистік кадрларды даярлауға, тәрбиелеу мен одан әрі дамуына аса көңіл бөлінгені көрсетіледі. Республиканың партиялық-кеңестік баспасының әскери қызметшілердің жеке құрамына қалай әсер еткендігі туралы сөз қозғалады. Оның «Коммунистік партия» талаптары рухында насихаттық және ұйымдастырушылық рөлінің әскери қызметшілерге баспасөз қызметі арқылы қадағалау жұмыстары күшейгені туралы айтылады. Әскерилердің күштік құрамдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге өзара іс-қимылда әрекет ететін баспасөздің және насихаттың түрлі проблемаларын зерделеу және тиімділігін көтеру жолдары мақалаға арқау болады. Коммунистік құрылыс міндеттерін әскери ортаға баспа беттері арқылы жеткізе отырып, шешудегі республикалық (жергілікті) баспасөздің рөлін арттыруға орталық баспасөздің ерекше ықпалын көрсетті. Әскер қатарында еліне адал қызмет етіп жүрген сарбаздарға партия ұйымдарының қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының практикалық жұмыстары туралы сөз болды. Аталмыш мақалада Қазақстанның партиялық басшылығы баспасөзінің әскери қызметшілерге әсері туралы кең көлемде айтылды