Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бойынша дыбыс жүйесін онтологиялық модельдеу

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2023-144-3-52-59
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі кезде цифрлық форматтағы этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру және қызметін кеңейту бойынша ғылыми-лингвистикалық негіздер мен IТ-ресурстарды әзірлеу өзекті мәселе болып табылады. Сол мәселені шешу үшін орындалып жатқан №BR11765535 грант аясында Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және оның еңбектері бойынша барлық құрылымдық қабаттары бар жаңа білім жүйесінен құралған цифрланған материалдарды қосатын «Ахметтану» интеллектуалдық жүйесі әзірленіп жатыр. Мақалада аталған интеллектуалдық жүйеге негіз болатын Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бойынша тілдің құрылымдық деңгейлерінің білімдер базасы негізінде, оның ішінде дыбыс жүйесі мысалында әзірленген онтологиялық моделдеу сипатталған. Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бойынша тілдің дыбыстық жүйесін қолданбалы онтологиялық моделдеу үшін Protégé редакторы қолданылды. Зерттеу нысанына алынған еңбектердегі дыбыс жүйесінің онтологиялық моделі класстардан (түсініктер), олардың қасиеттері мен жеке үлгі даналардан (индивид) тұрады. Табиғи тілді өңдейтін әр түрлі интеллектуалды ақпараттық жүйелер үшін қазақ тілінің ғылыми-лингвистикалық негіздері бөлігінде жаңа нәтижелер Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қазақ тілінің цифрлану саласының дамуына тікелей әсер етеді.