Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдірудің келешекті бағыттары

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2023-144-3-154-164
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қозғалыс қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету деңгейін өсірдің өзекті мәселелеріне арналған. Мақаланың мақсаты-қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бойынша жағдайлардың туындау қаупін кемітуге мүмкіндік беретін жүйелі тәсілді әзірлеу болып табылады. Мақалада теміржол көлігінде жүзеге асырылатын қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін өсіруге ықпал ететін шаралардың тиімділігін талдау нәтижелері көрсетілген. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсаттарға жету үшін жүйелік тәсілді іске асыру тиімді екені анықталған. Жүйелік тәсіл тәуекелдерді-менеджмент құралдарын қолдануға, қауіпсіздіктің оң мәдениетін және процестік тәсілді дамытуға негізделген. Зерттеудің нәтижесі болып екі өзара тәуелді блоктан тұратын «Қозғалыс қауіпсіздігінің матрицасы» болып табылады. Блок 1-ге тасымалдау процесін қамтамасыз ететін элементтерді енгізу ұсынылады-бұл қызметкерлер, жылжымалы құрам және инфрақұрылым. Блок 2-ге тасымалдау процесінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін элементтер енгізілген, технологиялық процесс, қызметті жақсарту, құқық қолдану және бақылау. Берілген матрица қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тиімді жоспарлауға және іске асыруға мүмкіндік береді, уақытында орындалуын бақылауға, қозғалыс қауіпсіздігі деңгейі мен жай-күйінің динамикасын бағалау үшін қолданылатын шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. «Қозғалыс қауіпсіздігінің матрицасы» жүйелік тәсіл негізінде теміржол көлігінің кез-келген мекемесіне сәйкес техникалық, ақпараттық, материалдық, адами ресурстар мен мүмкіндіктерге құрастырса болады. Бұл тасымалдау процесіне қатысушылардың іс-әрекеттерін негізгі нәтижеге жеткізу-қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін өсіруге реттеуге мүмкіндік береді.