Қазақстандағы латын әліпбиіне көшудің мемлекеттік тілді жаңғыртудағы рөлі

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-145-4-66-78
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Елімізде тәуелсіздік таңы атқалы бері латын графикасына көшу туралы көп ұсыныстар жасалып, талқыланып келді. Латынға көшу туралы Заң қабылданғаннан соң Республикамыздың қарапайым тұрғындарынан бастап, зиялы қауым өкілдеріне дейін өз көзқарастары мен талдауларын жария етті. Тарих беттеріне үңілсек, кез келген елдің әліпбиін өзгертудің оңай емес екендігі белгілі. Бірақ бұл отарлаушы елдерге тиімді болғанымен, жергілікті халықтардың саяси-экономикалық, тарихи-мәдени және ұлттық құндылықтарының кешеуілдеп дамуына әкеледі. Сондықтан Кеңес үкіметінің шешімімен 1929-1940 жылдары қазақ елінде латын қарпі негізіндегі жаңа әліпбиді енгізу туралы ең алғашқы Қаулы қабылданған болатын. Алаш зиялылары болса, мұндай миссияның кері астары барын жақсы түсініп, қазақ халқының төл әліпбиі болғанын қалады. Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «төте жазу» жобасының да ғұмыры ұзақ болмады. Латын әліпбиіне қарсы болғандар айыпқа тартылып, қудалауға ұшырады. Мақаланың мақсаты – қазақ әліпбиінің латындануына байланысты біздің қоғамымызда орын алып отырған біршама мәселелерді қамтып өту болып табылады. Мақала тақырыбын зерттеу барысында сипаттау, бақылау және салыстыру сияқты эмпирикалық тәсілдермен қатар еліміздің қадірлі тұлғаларының ой-пікірлеріне сүйенген теориялық әдістер мен шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеулер мен тұжырымдар қолданылды. Ұсынылып отырған зерттеу мақала қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу үдерісін егжей-тегжейлі зерделеп жүрген отандық және шетелдік магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ лингвист ғалымдар мен ізденушілерге арналады.