ТҰРАҚТЫ КОЭФФИЦИЕНТТІ СЫЗЫҚТЫҚ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ШЕШІМДЕРІН ҚҰРУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/piqt7305
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада екінші ретті тұрақты коэффициентті сызықтық дифференциалдық теңдеулер және олардың жүйелерінің шешімдерін құрудың оқырмандарға ұсынылатын дәстүрлік әдістен ерекшеленетін жолы көрсетіледі. «Дифференциалдық теңдеулер немесе теңдеулер жүйесіндегі сипаттамалық теңдеуді шешуде дискриминанты теріс болған жағдайға сәйкес комплекс сан ұғымының мүлде қолданбауымен ерекшелінеді. Ұсынылған әдіс, сондай-ақ, біртекті теңдеулер жағдайында, екінші ретті сызықтық теңдеулердің сызықтық тәуелсіз дербес шешімдерін құру барысында бірінші ретті сызықтық теңдеулерді шешуде кездесетін Бернулли әдісінің көмегімен енгізілуінде, әрі алынған алгоритм біртекті теңдеулер жүйесінің шешімін құруда да қолданылады. Біртекті емес теңдеулердің оң жағында экспоненциалдық функция және косинус пен синустың айнымалылы коэффициент-көпмүшелікті сызықтық комбинациясының көбейтіндісі берілгенде теңдеудің дербес шешімдері сипаттамалық теңдеудің түбірлерінен байланыссыз анықталады. Қарастырылып отырған мәселеде дифференциалдық теңдеулерді тиімді әдістермен шығару жолдары, яғни дәстүрлі әдіспен салыстыра отырып, әртүрлі есептің шығару жолдарын ерекшелендіріп айқын қарастырған. Екінші ретті тұрақты коэффициентті сызықтық дифференциалдық теңдеулерді және олардың жүйелерінің шешімдерін құру жолдары болашақта студенттерге практикалық сабақтарда және өзіндік жұмыстарда (CӨЖ, СОӨЖ) есеп шығару барысында кең қолданыста болады деп үміттенеміз. Кілтті сөздер: дифференциалдық теңдеу, дифференциалдық теңдеулер жүйесі, сипаттамалық теңдеулер, теңдеудің дербес шешімі, комплекс сан.