Аңдатпа
Бұл мақалада кәсіби бағыттылықтың студенттердің мотивациялық аймағының құрылымына әсері қарастырылды. Мақаланың кіріспе бөлімінде мәселенің теориялық және тәжірибелік аспектілердегі маңызы мен әр түрлі бағыттағы мамандықта оқитын студенттерінің оқу-кәсіби мотивациясының құрылымын ашудың қажеттілігі, студенттердің кәсіби-оқу мотивациясының қалыптасуы процесінің ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі талданады. Зерттеу мақсаты ретінде әр түрлі мамандықта оқитын студенттерінің кәсіби мотивациялық аймағының құрылымын, кәсіби бағыттылықтың студенттердің мотивациялық аймағының құрылымына әсері анықталды. Мотивациялық өріс психикалық құбылыс ретінде іс-әрекет пен қарым-қатынастың тууына негіз болады. Бұл құбылысты өлшеу үшін көрсеткіш ретінде мотив қолданылды. Көрсеткіштер зерттеліп отырған психикалық құбылыстың бар екенін дәлелдеуге және оны бағалауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, әр түрлі бағытта оқитын студенттердің мотивациялық өрісіне қандай мотив көрсеткіші тән деген сұрақ туындайды. Студент тұлғасының мотивациялық өрісін сипаттайтын көрсеткіш мотивтерді анықтау үшін эксперттік бағалау әдісі қолданылды. Зерттеу барысында бірінші курс студенттерінің мотивация құрылымы мен төртінші курс студенттерінің мотивация құрылымында өзгешеліктер болатыны анықталды. Зерттеу студенттерде кәсіби мотивтердің басым болуы олардың болашақ мамандықтарында табысты болу, алған білім, іскерлік, дағдыларын толыққанды қолдануға ұмтылу, болашақ кәсібінде өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға деген ниеттерімен байланысты екенін көрсетті. Түйін сөздер: мотив, оқу-кәсіби мотивтері, коммуникативтік мотив, құзыреттілік, әлеуметтік статус, рухани қанағаттану, кәсіби сәйкестену В данной статье рассматривается влияние профессиональной направленности на структуру мотивационной сферы студентов. Во введении статьи анализируется значение проблемы в теоретическом и практическом аспектах и необходимость раскрытия структуры учебно- профессиональной мотивации студентов, обучающихся в разных направлениях и актуальность исследовании особенностей процесса формирования профессионально-учебной мотивации студентов. Целью исследования было структура профессиональной мотивационной сферы студентов, обучающихся в разных специальностях и влияние профессиональной направленности на структуру мотивационной сферы студентов. В ходе исследования было установлено, что структура мотивации студентов разных направлении различаются. Исследование показало, что преобладание профессиональных мотивов у студентов связано стремлением использовать полученные знаний, умений, навыков в будущей профессии, реализовать свои возможности. Ключевые слова: мотив, учебно-профессиональные мотивы, познавательные мотивы, коммуникативный мотив, компетентность, социальный статус, духовное удовлетворение, профессиональная идентичность, структуру мотивационной сферы, профессиональная направленность. This article examines the influence of professional orientation on the structure of the motivational sphere of students. The introduction of the article analyzes the significance of the problem in theoretical and practical aspects and the need to disclose the structure of educational and professional motivation of students studying in different directions and the relevance of the study of the features of the process of formation of professional and educational motivation of students. The purpose of the study was the structure of the professional motivational sphere of students studying in different specialties and the influence of professional orientation on the structure of the motivational sphere of students. In the course of the study, it was found that the structure of motivation of students of different directions differs. The study showed that the predominance of professional motives among students is associated with the desire to use the acquired knowledge, skills, and skills in the future profession, to realize their capabilities. Keywords: motive, educational and professional motives, cognitive motives, communicative motive, competence, social status, spiritual satisfaction, professional identity, structure of the motivational sphere, professional orientation.