ДИРИЖЕР ТИМУР МЫҢБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v8i4.660
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі музыкатануда ұлттық дирижерлық өнерді түсінуге және елеулі дирижерлершығармашылығына қатысты мәселелерді әзірлеуге қызығушылық айтарлықтай артты. Күрделіқұрылымды білдіретін Қазақстандағы дирижерлық өнер әлі күнге дейін ғылыми зерттеулердебелгілі деңгейде баяндалмаған. Дегенмен, бұл жолда біршама өзгерістер байқалады: жасзерттеушілердің (Әмзе, Муса, Дюсембаев) еңбектерін атап өтуге болады. Бұл арада зерттеушілердіңназарынан орынсыз түсіп қалған, кәсіби дирижер Т. Мыңбаевтың сан қырлы қызметі бөлекқарастыруды қажет етеді.Бұл мақаланың мақсаты – Тимур Мыңбаевтың шығармашылық қызметінің жан-жақтылығын ашу.Тимур Мыңбаев – дирижер, композитор және музыкатанушы, Қазақстанның және Ресейдің еңбексіңірген әртісі, профессор. Ұзақ жылдар Қазақстан мен Ресейдің симфониялық оркестрлерініңдирижері болды. 1997 жылдан өмірінің соңына дейін Гнесин атындағы Ресей музыкаакадемиясының студенттік симфониялық оркестрін басқарды. Оның жетекшілігімен ұжымдаркүрделі бағдарламаларды сәтті дайындап, жоғары шығармашылық деңгейге жетті.Тимур Мыңбаевтың шығармашылық тұлғасын зерттеу тұрғысынан өмірбаяндық, аналитикалықжәне мұрағаттық әдістер негізінде оның симфониялық оркестрмен жұмысының сипаты менерекшелігі қарастырылады. Бақылау, әңгімелесу, сұхбат әдістеріне сүйене отырып, оныңдирижерлық және ағартушылық қызметінің негізгі принциптері тұжырымдалады жәнерепертуарлық саясатының мәселелері бөлек қарастырылды.Зерттеу нәтижесінде оның дирижерлық қызметінің негізі – музыкалық шығарманың оркестрдыбыстарындағы бейнеленуі және тыңдаушыға ойды жеткізу екені анықталды. Т. Мыңбаевтыңдирижерлық ойлау қабілетін, тұлғалық және кәсіби қасиеттерін анықтау оның ҚазақстанРеспубликасы симфониялық оркестрінің дирижері ретіндегі қызметін Алматының көркем өмірініңжәне ұлттық мәдениеттің ажырамас жарқын бөлігі ретінде анықтауға мүмкіндік берді. МузыкалықГульнар Альпеисова1, Бақытжан Халмуратов21Қазақ ұлттық өнер университеті(Астана, Қазақстан)ДИРИЖЕР ТИМУРМЫҢБАЕВТЫҢШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚЫЗМЕТІҚАЗІРГІ ӘЛЕМНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІНДЕГІ АДАМ C A J A S Volume 8. Issue 4. 202328КіріспеТарихтың қай кезеңінде болмасын,өткеннің озық жетістіктеріментанысу және ел мәдениетіне сүбелі үлесқосқан көрнекті өнер қайраткерлерініңшығармашылығын зерделеу өзектілігіжойылмақ емес. Бұл өз кезегінде музыкамәдениетін дамытуға, музыканттардыдайындауға, ұстаздарды тәрбиелеуге,сайып келгенде, рухани қоғамныңқалыптасуына ықпал етеді. Осы тұрғыдадирижер Тимур Мыңбаев сияқты елеулітұлғаның өмірі мен шығармашылығынадеген қызығушылық туындауы заңдылық.Тимур Кәрімұлы Мыңбаев өзініңшығармашылық жолын Ленинградқаласынан бастап, тәжірибесінтуған өлкесінде шыңдап, жетілгеншағында Мәскеу, Петербург,Екатеринбург, Саратов, Самара,Ярославль филармонияларының үлкеноркестрлерінде жұмыс жасаған. КСРО,Европа, Азияның ірі қалаларындагастрольдік сапарлар жасап, өмірініңсоңғы кезеңін Мәскеудегі Гнесиндератындағы музыкалық академияныңстуденттік оркестрінің дирижері ретіндеөткізді.Талантты тұлға Тимур Кәрімұлыныңқазақ өнері тарихында алатын орныерекше. Оның шығармашылық әдісібүгінгі дирижерлық тәжірибеге бағдарбола алады. Тимур Мыңбаевтыңжүріп өткен жолы, оның музыкамәдениетіне қосқан үлесі музыкалықорындаушылықтың түрлі бағыттарынабайланысты мәселелерді ғылымитұрғыдан түсіну үшін құнды материалбола алады. Оның Жамбыл атындағыҚазақ мемлекеттік филармониясындадирижер ретінде жұмыс жасағаны дабелгілі. Көрнекті дирижердың тұлғасыөзіндік ерекшелігімен, атқарғанісінің ауқымдылығымен және жан-жақтылығымен мәдениетімізде лайықтыорын алып, бағасы уақыт өткенсайын өсуде. Дегенмен де, тұлғаныңшығармашылығы нақты зерттеунысанына алынбай келеді. СондықтанТимур Мыңбаевтың Қазақстанмәдениетіндегі рөлін анықтайтын уақытжетті. Т.Кәрімұлының Қазақстандағымузыка мәдениетіне қосқан үлесінанықтау, оның тәжірибесін танытузамандастарымыз бен болашақдирижерлар үшін құнды болары сөзсіз.Сонымен қатар, маэстро –Қазақстанда ғана емес, халықаралықдеңгейде танылған шығармалардыңкомпозиторы, оған қоса беделді педагог,қоғам қайраткері, ағартушы. Жан-жақты тұлға ретінде Тимур Мыңбаевтыңшығармашылығы Қазақстанның қазіргімузыкалық мәдениетінің дамуына әсеретті.Мәдениетте жарқын із қалдырған Т. Мыңбаевтың шығармашылығы гуманитарлық білімнің әртүрлісалаларында тың ізденістердің толқынын тудыратынына сенеміз.