Linguistic, Structural and Rhetorical Analysis of Surah “Al-kāfirūn” in the Qur’an

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023hph3/190-198
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Құранның 109-шы сүресін лингвистикалық және дінтанулық негіздерге сүйене отырып зерделеу мақсат етілген. «Аль-Кафирун» сүресі мәтіндік ықшамдылығына қарамастан, оның пайда болу уақытын контекстуалды талдау үшін өте пайдалы дереккөз болып табылады. Өкінішке орай, бұл сүре көп жағдайда зерттеушілердің назарынан тыс қалып жатады. Осы ретте мақалада әрбір сөздің аудармасын саралауға негізделген коммуникативті әдістер қолданылып, алғашқы ислам қауымдастығының өзге діни қауымдармен, яғни еврейлер және христиандармен болған күрделі қарым-қатынастар көрсетіледі. Сүренің пайда болуының тарихи жағдайы талданып, сол кезде азшылық болған мұсылмандар өздерінің қауіпсіздігі үшін айналадағы діни топтармен диалог құру әрекеттері қарастырылды. Зерттеу жұмысы екі аспекті бойынша талданған, атап айтқанда Құранның 109-шы сүресінің ішкі құрылымын зерделеуге бағытталған микро деңгей және өзге сүрелермен мәтінаралық үйлесімділікті қарастыруға мақсатталған макро деңгей назарға алынды. Бұл зерттеудің авторы 109-шы сүрені зерттеу арқылы Құранды тұтас мәтін ретінде тереңірек түсінуге, сондай-ақ оның ерте мұсылман қауымдастығын құрудағы рөлін зерттеуге болады деп санайды. Мақалада лингвистика мен дінтану объективі арқылы Құранның 109-ші сүресін жан-жақты талдау ұсынылған. Осы сүре пайда болған тарихи контексті зерттеу, оның мазмұнын талдау және Құранның басқа бөліктерімен интертекстуалды байланыс арқылы автордың мақсаты қасиетті кітаптың осы бөлігінің маңыздылығын жаңа қырынан қарауға ұмтылу болып табылады.