ОМБЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-АҢЫЗДЫҚ СИПАТЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.4-17
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Ресей Федерациясының Омбы аймағындағы топонимикалық аңыздар туралысөз болады. Кез келген ұлттың жүріп өткен жолынан хабар беретін бірнеше дерек көздері болса, соныңбірі – топонимикалық атаулар. Жер-су атаулары сөз болғанда топонимикалық аңыздар назардан тысқалмауы керек. Өйткені жер, табиғат – адамзат баласының мекені. Ендеше, адамзат баласының әлемдібейнелі сурет, кейіптеу жолымен тануы, оның құпия сырларына қанығуы, соған байланысты түрліаңыз-әңгімелерді өмірге әкелуі заңды құбылыс. Осылай пайда болған фольклорлық жанрдың бірі –жер-су атауларының тарихын, ерекшеліктерін әңгімелейтін топонимикалық аңыздар. Қазіргі зерттеунәтижелері бойынша әлемнің қырыққа жуық мемлекетінде 5 миллионнан астам қазақтар өмір сүреді.Саяси-қоғамдық ғылымдар қоныс аудару, қоныстану т.б. параметрлерге байланысты шетелдердегіқазақтарды «диаспора», «эмигрант» және «ирридент» деп жіктей қарастырады. Осы саяси мәртебетұрғысынан қарайтын болсақ, Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан мемлекеттеріндегі қандастарымызирриденттер. Яғни, өздерінің атақонысында өмір сүріп жатқан қазақтар. Сондықтан да аталғанаймақтарда қазақша жер-су атаулары және оларға байланысты аңыздар мен этиологиялық әңгімелерсақталып қалған. Топонимдік аңыздарда ата-бабаларымыздың қай жерді, қашан қоныстанды, ол жердеқандай тарихи оқиғалар мен тұлғалар болды, негізгі өмір тіршілігі мен әлеуметтік-саяси жағдайы –барлығы көрініс табады. Сондықтан да топонимдік аңыздар тек фольклортану ғылымы үшін ғанаемес, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, мәдениеттану ғылымдары үшін де өзекті тақырыптың бірі. Осыретте қазақтар көп қоныстанған Ресейдің Орынбор, Астрахань, Саратов, Омбы облыстары мен Алтайөлкесіндегі, Қытайдың Шыңжан, Іле, Құлжа, Алтай аймақтары мен Монғолияның Баян-Өлги, Қобда,Дарқан аймақтарындағы қазақ топонимикалық аңыздарын жинаудың, оларға тарихи-генетикалық,тарихи-типологиялық тұрғыдан талдау жасап, поэтикалық ерекшеліктерін зерделеудің маңызы ерекше.Осы мақалада біз Омбы облысындағы қазақ топонимикалық аңыздары туралы сөз етеміз.