ШЕТЕЛ ТАРИХШЫЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯ ЖӨНІНДЕ

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52754/16948653_2020_1_13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада шетел тарихышларының 20 жылдары орын алған индустриализация үрдісі жөнінде жазған еңбектері талқыланады. Сонымен қоса осы үрдістің Қазақстанға тигізген пайдасы мен оның әлеуметтік зардабы сөз болады. Кеңесүкіметі кезінде бұл үрдіс бір жақты зерттелген болатын. Онда индустриализацияның тек пайдалы жағы ғана жазылды. Дегенмен, сол жылдары батыс елдерде бұл үрдіске сын көзбен қарап, оның зиянды жағы кеңінен жазылды. Қазақстан егемен ел болған соң бұл үрдісті кеңінен зерттеуге мүмкіншілік алды. Осыған орай бұрын-соңды айтылмай келген шетел тарихшыларының пікірі талдана бастады. Бұл мақалада индустриализация жөнінде және оның тигізген әлеуметтік зиянытуралы шетел тарихшыларының пікірі талқыланады.