Аймақтың əлеуметтік экономикалық дамуындағы демографиялық үрдістердің рөлі (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)

2021

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2021ec3/155-163
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы аймағындағы демографиялық жағдайдың ерекшеліктерін, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуындағы демографияның рөлін анықтау.Əдісі: Статистикалық-математикалық құралдарды қолдана отырып, аймақтың əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау кезінде жүйелік талдау мен синтездің жалпы ғылыми əдістері қолданылды.Қорытынды: Мақалада Шығыс Қазақстан облысының жəне аймағының демографиялық жағдайын талдау нəтижелері келтірілген. Жүргізілген талдау Шығыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайының негізгі проблемаларын, оның ішінде халық санының соңғы 30 жыл ішінде азаюын анықтауға мүмкіндік берді.Тұжырымдама: Шығыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайына əсер ететін негізгі факторлар зерттелді. Жүргізілген зерттеу нəтижесінде өңірдің демографиялық жағдайын жақсарту бойынша басым шаралар, оның ішінде зорлық-зомбылық жанжалдарын жою; техногендік апаттардың алдын алу; қаражатты денсаулық сақтауға, білім беруге, ғылымға, отбасын нығайтуға басым инвестициялау ұсынылды.