ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ АТАЛЫҚ ҰРЫҚ БЕЗІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СЕБЕПТЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.69.74.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Түркістан облысында тұратын балалардағы аталық ұрық безі ауруларының таралуын, динамикасын және аймақтық себептерін зерттеу жайында айтылады. Зеріттеу материалдары және әдістеріне гигиеналық, клиникалық және статистикалық әдістер қолданылды. Аурушаңдық көрсеткіштерінің ұзақ мерзімді динамикасын бағалау кезінде орташа жылдық өсу қарқыны есептелді. Аурулардың эпидемиологиялық қауіптілігінің рейтингтік көрсеткіштері негізінде картаға түсіру жүргізілді. Медициналық тексеру үшін балалар популяциясын таңдау рандомизация элементтері бар селективті әдіспен және кездейсоқ сандар генераторының компьютерлік бағдарламасын пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Түркістан облысының тұрғындарына сауалнама жүргізілді. Нәтижелер 2018–2022 жылдардағы Түркістан облысы балаларындағы аталық ұрық безінің ауруларымен аурушаңдығын талдау нәтижелері берілген. Балалардағы аталық ұрық безі ауруларының айқын өсу тенденциясымен сипатталатыны анықталды. Қолайсыз болжам есептелді: алдағы бес жылда аталық ұрық безінің тума ақаулары балалар арасында 3 есеге, жасөспірімдерде 2 есеге артуы күтілуде; гидроцеле - 2,5 есе. Балалардағы аталық ұрық безі ауруларының даму себептері: туа біткен ақауларының жоғары жиілігі, қолайсыз антропогендік жағдай және кейбір аймақтардағы ауа-райы-климаттық жағдайлар, дұрыс тамақтанбау, сумен жабдықтау жүйелеріндегі жұмсақ минералды су, медициналық тексерулердің уақытында болмауы, көптеген биогенді элементтердің жетіспеушілігінен болып жатады. Аурушаңдық туралы объективті мәліметтерді білу неонатальды скрининг үшін болжамды бағалау кестелерін пайдалана отырып, Түркістан облысында қауіп топтарын қалыптастыру және аталық ұрық безінің патологиясын ерте анықтау бойынша ғылыми бағдарламаны іске асыруға қатысты негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік берді.