DIPSACACEAE ТҰҚЫМДАСЫ SCABIOSA ТУЫСЫНА ЖАТАТЫН ӨСІМДІКТЕРДЕН АЛЫНҒАН ДӘРІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.37.69.039
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Дәрілік өсімідктер шикізаттары негізінде алынған препараттар Қазақстан Республикасы фармацевтикалық нарығында кеңінен ұсынылған. Сондықтан жұмыстың мақсаты мұндай препараттардың, оның ішінде Dipsacaceae тұқымдасы Scabiosa туысына жататын өсімдіктерден алынған дәрілік құралдардың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың күрделі кешенінің емдік тиімділігі, қауіпсіздігі және медицинада қолданылуына ғылыми негізделген мақалаларға шолу жасау. Мақалада Scabiosa туысының өсімдіктері Қазақстанда Алтайдан Солтүстік Тянь-Шаньға дейін және Орталық Қазақстан Керней ормандарының аумағында, Ұлытау, Бұйратау тауларында дақылды – шөпті-бұталы қауымдастықтардың құрамына кіретініне, көбінесе шалғынды, далалы-шалғынды аймақтарымен, өзен аңғарларымен және өзенаралық ойпаттармен шектесетіндігіне шолу жасалды. Ресми медицинада бұл тұқымдастық өсімдіктерінің шикізатынан алынған дәрілік құралдарының ревматизмде, асқазанның ойық жарасы мен қатерлі ісік ауруында, бауыр ауруларын емдеуде қолданылатындығы және тұмау, тыныс алу жолдарының аурулары, яғни бронхит, демікпе сияқты және тері ауруларын емдеуде тиімді әсер ететіндігі туралы мәліметтер жүйеленді. Dipsacaceae тұқымдасы өсімдіктерінің кұрамындағы биологиялық белсенді заттар: сапониндер, алкалоидтар, флавоноидтар, микроэлементтер, фенолдық гетероциклды қосылыстар, аминқышқылдары, көмірсулар, алмастырылмайтын майлы қышқылдар антиоксиданттық, антирадикалды, микробқа қарсы, цитотоксикалық қасиеттер көрсететіндігі талданды.