Қасым Аманжолов поэзиясының көркемдік–эстетикалық ізденіс сипаттары

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2022ph1/117-123
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың шығармаларына жасалған талдау тұжырымдары мен нәтижелері берілген. Басты назарда автор шығармаларындағы пайдаланылған көркемдік тәсілдердің өзара байланысы, көркемдік–эстетикалық ізденістер жүйесі сараланған. Қаламгердің өзіне тән қолтаңбасы, асқан шеберлік нақыштары, стильдік даралығы талдау арқауына айналып, терең талқыланған. Зерттеу барысындағы талданған шығармаларда мазмұн мен пішін,тарихи шындық пен көркемдік шешім т.б. мәселелерге баса назар аударылған. Қасым Аманжоловтың өзіне тән шығармашылық стиліне арқау болған, өзі ұстаз тұтқан ұлы ақындардың тигізген әсері де сараланып өтілген. Сонымен қатар, мақалада Қасым Аманжолов тек лирик емес, ірі эпик ақын екені, яғни ақын поэзиясының өміршеңдігі, ақын мұрасының асқан құндылығы жайында айтылған.