АБИОТИКАЛЫҚ СТРЕСС ФАКТОРЛАРЫНА ТӨЗІМДІ РАПС ПЕН ҚЫШАБАСТЫҢ МУТАНТТЫ ЛИНИЯЛАРЫН ІРІКТЕП АЛУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-4-1-88-99
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұсынылған жұмыс суыққа және құрғақшылыққа төзімді рапс пен қышабас линияларын алуға арналған. Зерттеулерде біз бұрын алынған рапс пен қышабас тұқымының мутанттарының екі еселенген гаплоидтарын қолдандық. Тәжірибелердің нәтижесінде жасанды құрғақшылық пен төмен температура жағдайында кейбір мутантты линиялар бастапқы сорттардың өсімдіктерінен асып түсетіні анықталды. Атап айтқанда, жасанды құрғақшылық жағдайында мутантты линиялар тұқымдарының өнгіштігі 68-70% аралығында ауытқып тұрса, бастапқы линиялардың тұқымдарының өнуі 30% ғана болды. Төмен температуралық стресс жағдайында мутантты линияларының өміршеңдігінің нәтижелері бақылау сорттарымен (0%) салыстырғанда -40С температурада өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары (45-50%) екенін көрсетті. Сондай-ақ мутантты өсімдіктердегі олеин қышқылының пайызы бастапқы сорттармен салыстырғанда 74,2-74,6%, сәйкесінше 6-8% артық болғанын атап өткен жөн. Құрылымдық талдау нәтижелері бойынша кейбір мутант линиялары бір өсімдіктегі тұқымның салмағы бойынша және 1000 тұқымның салмағы бойынша, сонымен қатар жалпы түсімі бойынша ерекшеленді.