INFLUENCE OF SOIL TREATMENT OF RICE SYSTEMS WITH VARIOUS IMPLEMENTS ON THE PRODUCTIVITY AND ECONOMIC EFFICIENCY OF RICE

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2023.v67.i4.110
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Күріш өнімділігін арттыруға бағытталған агротехникалық шаралар кешенінде орындауға түрлі құралдар қолданылатын топырақты негізгі және себуалды өңдеуі маңызды болып саналады. Қызылорда облысында күріш дақылын өсіруге арналған егістік топырағын өңдеу жүйесінің топырақ өңдеу техникаларымен атқарылатын түрлі операциялардан тұратын аймақтық технологиясы әзірленген. Ауылшаруашылық құрылымдарының техникамен жарақтандырылуы-ның төмендігіне байланысты бұл операциялар сапасыз орындалады және агроөнеркәсіп кешенінің заманауи жағдайдағы қызметінде өзін өзі ақтамайды. Топырақ өңдеуші құралдардың топырақты жырту сапасына, оның агрофизикалық қасиеттеріне және күріш өнімділігіне әсерін анықтау мақсатындағы танаптық зерттеулер Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш щаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының эксперименталдық стационарында жүргізілді. Зерттеу барысында Lemken Juwel-7 қайтармалы соқасын қолдану топырақ қабатының формасы мен біркелкі шамалары есебіне жалдылықтың 1,09 коэффициентін алуға мүмкіндік бергені анықталды. Жырту қабатының кесектілігін зерттеу нәтижесінде қайтармалы соқа диаметрі 5 см-ден үлкен кесектердің алып жатқан ауданынының ең кіші мөлшерін (0,16 м2) қамтамасыз етті. Сүдігерді дискілеу, БДМ-«Агро» дискаторымен және Horsch Terrano 4 FX культиваторымен минералды тыңайтқыштарды сіңіру, артынан күріш асты топырағын нығыздау күрішті себу алдында топырақтың құрылымдық-агрегаттық құрамына оң әсер ететіні анықталды. Қызылорда облысы жағдайында Lemken Juwel 7 қайтармалы соқасын және Horsch Terrano 4 FX культиваторын шалғынды-батпақты топырақтар-дың өңдеу жүйесінде пайдалану орта есеппен 7,1 ц/га қосымша күріш өнімін алуға мүмкіндік береді.