Аңдатпа
Мақсаты: Мақаланың мақсаты қаржылық есептіліктегі ақпараттардың бұрмалануын анықтау әдістемесін жетілдіру мақсаты үшін есептік көрсеткіштерді пайдалану мәселелерін қарастыру. ҚР-ның шаруашылық субъектілерінің бірінің мысалында қаржылық есептіліктің бұрмалану белгілерін анықтау мақсатында профессор Мессод Д. Беништің «қаржылық индикаторлардың нормативтік ауытқу картасын» қолданудың мүмкіндігі көрсетілген.Әдісі: Деректерді салыстыру, көлденең талдау, коэффициенттік талдау, абсолютті және қатысты шамалар әдістері қолданылды.Қорытынды: Жүргізілген зерттеу нәтижелері Бениш моделінің қаржылық есептіліктегі ақпараттардың бұрмалануын анықтауға қабілетті екенін көрсетті. Амортизация, түсімдер, жиынтық пайда бойынша сату рентабельділік және жалпы әкімшілік шығыстар, сондай-ақ, қаржылық тәуелділік коэффициентінің индекстері бұрмалауларды анықтау үшін маңызды болып саналады.Тұжырымдама: Қаржылық есептіліктегі бұрмалаулар ішкі және сыртқы бақылаудың әлсіздігі болған кезде орын алады. Бұрмалаулардың алдын-алудың ішкі деңгейі қаржылық есептілікті жасаудың ішкі тәртіптерін нақтылау арқылы іске асырылса, ал оның сыртқы деңгейінің құралы сыртқы аудит болып табылады.