Ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттану

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2023-4-111-123
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ауыл шаруашылығында жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын, еңбек қауіпсіздігін сақтау олардың ауыр жарақаттану тәуекелін төмендетіп, ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Өндірісте, соның ішінде ауыл шаруашылығында өндірістік жарақаттану ауыл халқының денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіреді, мезгілсіз өлімге дейін апарады. Мақаланың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын жұмыскерлердің өндірістік жарақат алу себептерін қарастыру, ауыл шаруашылығындағы жазатайым оқиғалар бойынша статистикалық мәліметтерді талдау, оның алдын алу жөнінде ұсыныстар беру. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиға жөніндегі статистикалық мәліметтерге талдау жасалынды, әдебиеттерге шолу жасау арқылы отандық және шетелдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізілді. Контент талдау негізінде ауыл шаруашылығындағы жазатайым оқиғалар мен жарақаттануға әкелетін қауіпті өндірістік факторлар кеңінен қарастырылды. Зерттеудің арқасында ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттанудың себептері мен жазатайым оқиғаға әкелетін факторлар анықталып, олардың алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар берілді. Шетелдік тәжірибе бойынша ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттану бойынша жүргізілген зерттеулер қарастырылды. Тиісті уақыт кезеңіндегі өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін талдай отырып, олардың экономикалық қызмет түрлеріндегі, экономиканың әртүрлі салаларындағы және жалпы мемлекеттегі динамикасы туралы қорытынды жасауға болады.