РУДОЛЬФ ФОН ЛАБАННЫҢ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ТАЛДАУ ӘДІСІ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ, ЕРЕКШЕЛІГІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v8i4.774
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақала экспрессивті би теоретигі және австриялық хореограф Рудольф фон Лабанның қозғалыс зерттеулері жайында. Атақты теоретик құрған жүйенің мәні, бағыты мен құрылымы, Германиядағы жаңа би жанрының дамуына ықпалын бергені туралы қарастырылады. Адамның қарым-қатынасын түсіну мен қозғаласын талдауының жан-жақты жүйесі – «Р. Лабанның қозғалыс талдауы» деп аталады. Ол тұрақты өзара әрекеттесетін төрт санатты қамтиды: дене, кеңістік, пішін және күш (динамикалық қасиеттер). Бұл жеке тұлғаның өзін-өзі тануы мен өз болмысын көрсету философиясы адамның шығармашылық тұрғыдан өз-өзін, өзінің даралығын толық танытуына, сондай-ақ, сахнада және өмірде тиімді әрекет жасауына жол ашып, адам мен адам топтарының қимылдарын бейнелеуге және дамытуға көмектесетін жүйе болып табылады. Авторлар экспрессивті бидің қайнар көзі Германияның балеттанушыларымен қатар Батыс Еуропалық, Ресейлік зерттеушілердің еңбектерін қарастырды. Бұл мақалада Р. Лабан талдауының негізін қалаушысының өмірі, ізденіс пен шығармашылық жолдары, жүйенің негізгі ұғымдары мен эволюциясы, жалпы адамның қимыл, іс-әрекетін түсіну, оның неліктен туындайтыны, кеңістікпен қалай жұмыс істеуге болатындығы айқындалады. Рудольф фон Лабанның теориясы пластикалық тілді дамыту мен байыту әдісі аясында маңызды рөл атқарады, себебі ол арнайы көркем мәтінді ұйымдастыру үрдісі ретінде сезімдерді дене қимылдары арқылы көрсетудің тәсілдерін жасауда хореограф үшін ізденіс мәселесін өзектендіреді. Модернистік зерттеуші ретінде атақты теоретик Рудольф Лабанның ғылыми жұмыстары әлі күнге дейін бүкіл әлемдегі хореографтар мен ғалымдардың шығармашылығында көрініс табатын адамдардың көркемдік өз болмысын таныту мәселесін зейін қойып зерттеуге бағытталған. Осылайша, мақалада би саласындағы тәжірибешілердің эксперименттері мен олардың Лабан дискурсының қазіргі күнделікті өмірде орын алуына қалай әсер ететінін зерттеуге негізделген.