САРАЛАНҒАН ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ БІЛІКТІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ-КҮШ ҚАСИЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/ecmd4675
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада сараланған тәсіл негізінде білікті футболшылардың жылдамдық-күш қасиеттерін жетілдіру жолдары және нәтижелері қарастырылған. Заманауи футболда өте жоғары талаптар қойылады, әсіресе жылдамдық жылдамдық сапасына көп көңіл аударылады. Бұл жұмыс спортшыны даярлаудағы жылдамдық-күш қасиеттерін дамытудың негізгі мәселелерін қамтиды. Зерттеу жұмысына футбол ойынындағы жылдамдық, күш дене сапасына арнайы әдебиеттік шолуы жасалған. Зерттеудің теориялық бөлімінде осы жұмыстың негізгі мәселесі туралы кіріспе мәліметтер бар. Зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері бар, сонымен қоса ғылыми қарама-қайшылықтары да бар екені анықталғаны белгілі болып тұр. Және де зерттеудің болжамы, әдістері, зерттеудің базасы, тәжірибелік-эксперименті мен ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы да ұсынылған. Зерттеудің негізің практикалық бөлімінен алынған нәтижелер құрайды. Нәтижелердің объективтілігіне қол жеткізу үшін жеке зерттеу деректері, талдау, сауалнама, сараптамалық сауалнама және педагогикалық тест әдістері пайдаланылды. Экспериментке барлық қатысқандардың барлық көрсеткіштері есепке алынып отырды. Эксперимент кезеңдері де жазылған. Жүргізілген зерттеу сараланған тәсіл негізінде білікті футболшылардың жылдамдық-күш қасиеттерін жетілдіру үшін жаттығуларды дұрыс әзірлеу кезінде спорттық іс-әрекеттің нәтижелері оң динамика көрсетеді деген тұжырым жасауға мүмкіндік беріп тұр.