АБАЙ МЕКТЕБІНДЕГІ ӘНШІЛІК ӨНЕРДІҢ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ОРНЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/zxjo1535
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ұлы ақын Абай айналасына топтасқан өнер иелері туралы айтылады. Абайдың мектебі оның ақын шәкірттерімен ғана шектеліп қалмағаны белгілі. Ақынның айналасындағы өнерлі топ өкілдерін әдеби ортадан бөліп қарауға болмайды. Әнші мен күйші, тоғызқұмалақшы мен дойбышы, балуан мен құсбегі, қолөнер шебері мен Ағашаяқтай цирк өнерінің майталмандары Абай маңына үйірілді. Өйткені Абай ауылы тек өлең ғана емес, барлық өнердің бас қосқан құтты мекеніне, шын мәнінде өнер ордасына айналды. Абайдың айналасына топтасқан шығармашыл жастарды жан-жақты қолдауы, қазақ ортасына скрипка, гармонь, мандолина сияқты аспаптарды таныстыруы – оның шын мәніндегі ән мектебін қалыптастырғандығының дәлелі. Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Турағұл, Әрхам, Әлмағамбет, Мұқа т.б. өнер иелерінің орындаушылық шеберлігі қазақ музыка мәдениетінің өскенінің айқын дәлелі. Абай шәкірттерінің әншілік мұрасы – әлі зерттеле қоймаған тың жатқан дүние. Оның себептеріне келсек, Абай шәкірттерінің өзі тек тәуелсіздік жылдары ғана қолға алынып, ғылыми қауымның назарына іліне бастады. Зерттеуіміздің мақсатына орай Абай айналасындағы ән өнерінің дамуы, даралық cипаты деген мәселелерді анықтай отырып, ондағы ұстаз Абайдың орны, Абай әндерін өз дәрежесінде орындап халықтың жүрегіне жеткізуші әнші шәкірттердің рөлі, олардың ән өнеріне қосқан өзіндік үлесі деген сияқты мәселелер қарастырылды.