Қырғыз алатауының батыс бөлігінің улы өсімдіктері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51582/interconf.19-20.12.2023.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстан ежелден мал шаруашылығымен айналысатын ел ретінде дүниежүзіне танымал. Мал шаруашылығының негізгі міндеті - республика халқын мал өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету. Бірақ қазіргі кезде негізгі тамақ түрлері, оның ішінде мал өнімдері елімізде жеткілікті мөлшерде өндірілмей отыр. Ет, сүт өнімдерінің 30-40%-ы шет елдерден əкелінуде. Осындай кемшіліктерді жою мақсатында ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі мал шаруашылығы қарқынды дамыту маңызды мəселе болып отыр. Ол үшін, ең алдымен еліміздегі бай табиғи жайылымдар мен шалғындықтарды тиімді пайдалана отырып, мал шаруашылығын қоректілігі жəне сапасы жоғары табиғи азықтармен қамтамасыз ету қажет. Алайда еліміздегі табиғи жайылымдар мен шабындықтардың қазіргі жағдайы болашақ сұраныстарға өнімі жағынан болсын, əсіресе сапасы жағынан төмен болып тұр. Осындай территориялардың бірі Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде орналасқан Мерке, Аралтөбе, Сандық, Шайсандық, Сандықтас шатқалдарының табиғи жайылымдары. Бұл табиғи жайылымдардың өсімдіктер жамылғысының флоралық құрамын жəне сапасын зерттеу осы аймақта орналасқан Мерке, Тұрар Рұсқұлов атындағы аудандардың жайылымдық жерлері болғандықтан өте өзекті мəселе. Сондықтан жайылымдар мен шабындықтардың өсімдіктер жамылғысына флоралық құрамына, сапасына ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттігі туындайды. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде орналасқан Мерке, Аралтөбе, Сандық, Шайсандық, Сандықтас шатқалдарының табиғи жайылымдарын өсімдіктер жамылғысын зерттеу барысында анықталғандай бұл территорияларда 18 тұқымдас, 38 туысқа жататын улы өсімдіктердің 58 түрі тіркелді. Түр саны жағынан бірінші орында бұршақтар тұқымдасы тұр. Екінші жəне үшінші орында құрамында улы заттар кездесетін сарғалдақтар, көкнəрлер тұқымдастары тұр. Улы өсімдіктер деп оларды жегенде жануарлардың əртүрлі дəрежеде улануын жəне өлімін туындататындарды айтады. Өсімдіктердегі улы химиялық заттарға алколоидтар, гликозидтер, эфир жəне қыша майлары, кейбір органикалық (синиль, қымыздық) қышқылдар, лактондар, бояғыш жəне шайырлы заттар, токсальбуминалар (ақуыздық сипаттағы өсімдіктердің улы заттары) жəне т.б. жатады. Жануарлардың ағзасына түскен улы заттар олардың денсаулығына зиянды. Бұл өсімдіктердің əртүрлі вегетативтік мүшелерінде (жапырақтарында, сабағында, тамыры мен тұқымында) əртүрлі улы заттарды жинау қабілетіне байланысты. Қырғыз Алатауының жайылымдарындағы улы өсімдіктер химиялық жəне фармакологиялық жағынан əлі толық зерттелмеген. Жануарларды жайған кезде, жайылымдарды тиімді пайдаланған кезде, улану жағдайлары жиі болмайды.