ҚҰНАРЛАНДЫРЫЛҒАН АЗЫҚТАРДА ЛИСТЕРИЯЛАРДЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-4-1-11-22
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Стерильді сынамалардағы тәжірибедегі зерттеу нәтижелері листерияның жемшөп массасында көбейіп, жиналып, максималды концентрацияға жете алатындығын көрсетті. Сонымен, бастапқы рН 7,08-7,19 кезінде барлық сынамаларда листерия максималды өсуге жетті. Тоңазытқыш жағдайында 40 С кезінде листерия концентрациясы 3-5 тәулікте 111,9-606,6 мың КТБ/г құрады, ұқсас сынамаларда 180С кезінде бөлме температурасы жағдайында листерия концентрациясы 2-4 тәулікте 5166,6-11783,3 мың КҚ/г жетті. Термостатта 370С кезінде мұндай сынамалардағы листерия концентрациясы айтарлықтай концентрацияға дейін өсті және 3-5 тәулікте 13945,0-22216,0 мың КТБ/г деңгейінде болды. Стерильді емес үлгілермен жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, тоңазытқыш жағдайында 40С сынамалардын рН-да аздап ауытқып, барлық тәжірибе барысында бастапқы деңгейде сақталды және 11 тәулікте 7,11-7,18 құрады, ал бұл температуралық режимдегі бастапқы концентрация аздап өзгерді, бірақ 9-11 тәулікте листерия концентрациясы артып және 18,1-82,5 мың КТБ/г болды. Бөлме температурасында 180С кезінде листерия концентрациясы артып, 5-7 тәулікке 18,6-152,2 мың КТБ/г жетті, бірақ 9-11 тәулікке сынамалардың рН-тын төмендеуіне байланысты листерия концентрациясы 0,35-53,3 мың КТБ/г дейін қысқарылды. Термостат жағдайында 370С температуралық режимде листерия концентрациясы 2 тәулікте өсті. Осылайша, нәтижелер құрама жемдегі листериялардың өміршеңдігі температура режиміне, рН пен ілеспе микрофлораға байланысты екенін көрсетеді.