ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2023.4/1999-5849.06
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін ұлттық сана мәселесі қазақ философиясында өзектене түсті. Осы орайда, қоғамдық сананың дамуында бұрын соңды болмаған отандық тарихқа және ұлтымыздың мәдениетіне, ұлттық мәдени-рухани болмысымызға, саяси-құқықтық көзқарастарға, жанұя мен күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлі құндылықтарға деген сұраныстар мен ізденістер күрт өсе бастағандығын қарастырады. Сонымен қатар, берілген мақалада бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе баспасөз, газет пен журналдар егемендік-тің алғашқы жылдарында өте жоғары белсенділікте болып, ұлттық интеллигенцияның негізгі трибунасына айналды. Осы кезде журналдар өте аз, дегенмен сол кездегі қоғамның ең өзекті мәселелерін жарыққа шығарып, оны талдауда орасан зор еңбектер жасады. Осы орайда мақаланың негізгі мәселесі қазақ философиясының іргетасы болып табылатын дәстүрлі қазақ дүниетанымын зерттеудің қалыптасуының тарихи астарларын айқындау. Сонымен қатар, егемендік алғаннан кейін көптеген отандық ғалымдардың еңбектерінде ұлттық философияның дүниетанымдық ерекшеліктері жан-жақты зерттелді.