МУЗЕЙЛЕРДІҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2023.04.11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада еліміздің мәдени-рухани даму аясындағы жетістіктерін, сол жетістіктерге жетудегі өзіндік мәселелер сарапталады. Бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру жүйесі өзінің жылдам өзгеруімен, жаңашылдығымен ерекшеленіп, білім беру жүйесіндегі жаңалықтың негізі – әрбір білім алушыны жеке тұлға ретінде қабылдай отырып, оның тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, оларды болашақ өмірдегі бәсекеге қабілетті тұлға болатындай ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ел ғана, әлемде өзінің ұлттық болмысын, ұлттық мемлекеттілігін сипаттайтын нақыштарды сақтайтын мүмкіндіктерді жетілдіруде. Рухани мұра құндылықтары ұғымының мәні, ең алдымен, ұлттық тәрбиемен тығыз байланысты. Біздің еліміздегі рухани мәдени мұра құндылықтары түсінігі еліміздің өркениеттік дамуымен, мәдени, рухани құндылықтарымыздың, ұлттық мәдениетіміздің өркендеуімен байланысты. Олай дейтініміз, қазақ халқының ұлт ретінде сақталуы, ұрпақ сабақтастығын ұлттық үрдісте жалғастыруы-өзекті мәселе. Ал қазіргі қазақ мәдениеті үшін рухани мұраларды ұлттық құндылықтар тұрғысында музей ісінде қарастыру, оларды жаңғырту, сақтау, дәріптеу, насихаттау үлкен өзектілікке ие болып отырған күрделі саяси-әлеуметтік мәселе. Бұл мәселе арнаулы гуманитарлық білім беру жүйелерінде ғылыми талдауды қажет етеді және тәр­бие саласындағы басым міндеттері. Зерттеу материалдары мен әдістері: Мақалада сипаттау, жүйелілік, құрылымдық, тарихи-салыстырмалы, деректанулық талдау, жинақтау, жүйелеу, мәдени-тарихи, әлеуметтік т.б. қолданыс тапты. Жұмыс барысында И. Шәмшәтұлы, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ж. Молдабеков, Ж. Алтаев, Т. Ғабитов, А. Қасабеков, Ә. Табылдиев тәрізді белгілі ғалымдарымыздың қаламынан туындаған еңбектері пайдаланылды.