ТАРБАҒАТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2023.04.04
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Тарбағатай қазақтарының зерттелуіне байланысты мәселелер туралы қарастырылған. Мақаланың басты мақсаты – Шығыс Қазақстан қазақтарының мәдеиетін зерттеген ғалымдардың еңбектерін саралау болып табылады. Қазақ даласы туралы жазба деректер патшалық Ресейдің отарлау саясатына байланысты көбейе түсті. Патша шенеуніктерінің жазба деректері толық зерттеулерге, таза ғылыми еңбектерге жатпаса да зерттелініп отырған тақырыпқа қажетті мағлұматтар береді және де бұл еңбектердегі қазақ өмірі жайындағы деректердің библиографиялық мәні қазірге дейін жойылған жоқ. Зерттеу материалдары мен әдістері. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР МОМ Ұлттық кітапханасы, ҚР Орталық кітапханасы және т.б. Тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан саралауда қазiргi кезеңде қалыптасқан обьективтiк және сыни талдау мен сыни зерделеу принциптерi басты ұстанымда болды. Мақаланың әдiстемелiк негiзi – тарихилық және жүйелiлiк болып табылады. Сонымен бiрге, локальдық этнографиялық зерттеудегі бiрден-бiр тиiмдi жолы ретiнде проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық тәсiлдер де қарастырылды.