ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФ ҒАЛЫМЫ ХАЛЕЛ АРҒЫНБАЕВТЫҢ 4 ІРІ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕГІНЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2023.04.14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Mақалада қазақтың этнограф ғалымы Халел Арғынбаевтың өмірбаянына қысқаша тоқталып, оның төрт ірі ғылыми этнографиялық еңбегіне тарихнамалық шолу жасалынады. Ғалымның «Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк» атты монографиясында қазақтың революцияға дейінгі мал шаруашылығы этнографиялық тұрғыда сипатталады. Қазақ жерінің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жыл мезгілдеріне байланысты көш-қон мәселесі мен төрт түлікті бағып-қағуда, ауа-райын бақылау мен мал ауруларын емдеудегі халық тәжірибесі толық қамтылады. Әртүрлі діни сенімдерге байланысты қалыптасқан сан қилы әдет-ғұрыптарды баяндауға да көңіл бөлінген. Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқындағы семья мен неке» деген монографиясы қазақтағы семья мен некенің шығуы мен даму тарихын зерттеуге арналған. Ғалым көптеген нақтылы деректер негізінде революцияға дейінгі семья формаларын, семьялық қарым-қатнастар мен туыстық системаны, әйелдер жағдайы мен бала тәрбиесін, өлікті жерлеу ғұрыптарын; неке құру формаларын, үйлену тойы мен оған байланысты қалыптасқан әдет-ғұрыптарын, көне неке формаларының қалдығы ретінде сақталған әмеңгерлік (левират) құқығы мен балдыз алу т.б. мәселелерді терең зерттеді. «Қазақ халқының қолөнері» еңбегінде ғалым қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар екендігін көрсетеді. «Қазақ шежіресі хақында» атты еңбекте Ұлы жүздің шежіресін жазып, қазақ халқының ұлттық тарихын зерттеуде тайпалар мен рулардың орны ерекше екенініне назар аударды. Зерттеу материалдары мен әдістері: Мақаланы жазу барысында Халел Арғынбаевтың өзінің жаған еңбектері «Қазақ халқындағы семья мен неке», «Қазақ халқының қолөнері», «Қазақтың мал шаруашылығы жайындағы этнографиялық очерк», «Қазақ шежіресі хақында» дереккөзі ретінде алынды. Мақалада тарихи-салыстырмалы әдіс, жинақтау, жүйелеу, мәдени-тарихи, әлеуметтік және т.б. қолданыс тапты.