ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2023-61-4-35-46
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күні экономиканың жеке секторларындағы ұйымдар шеңберінде өте өзекті болып отыр. Осы тұжырымдаманың үш негізгі аспектісі, яғни экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілер арасындағы тепе-теңдікті сақтау ұйым қызметінің маңызды бағытына айналуда.Тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі өнеркәсіптік ұйымдардың қоршаған ортаға теріс әсеріне қатысты ақпараттық ашықтықты, сондай-ақ мұндай әсерді азайту жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады. Өз кезегінде, тұрақты дамуға мүдделі барлық тараптардың ақпараттық қажеттіліктерінің ерекшелігі еліміздегі экологиялық аудитті дамыту мәселелерінің өзектілігін анықтайдыМақаланың мақсаты - ұйымдардың тұрақты дамуын жүзеге асыру аясында қаржылық есептіліктегі экологиялық мәселелерге аудит жүргізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.Мақалада жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістері қолданылады.Жүргізілген зерттеу нәтижесінде ұйымдардың есептік ақпараттарына экологиялық аудитті ұйымдастыру негіздерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ережелер дамытылды.Экологиялық мәселелер көптеген ұйымдар үшін өте маңызды болады және қаржылық есептілікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осы мәселелер қаржылық есептілікті пайдаланушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады. Егер экологиялық мәселелер субъекті үшін маңызды болса, осындай мәселелердің нәтижесінде қаржылық есептіліктегі фактілердің елеулі бұрмалану қаупі (оның ішінде жеткіліксіз ашылуы) болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда аудитор қаржылық есептілікке аудит жүргізу кезінде экологиялық мәселелерге ерекше назар аударуы керек.