МЕМЛЕКЕТТІК СТРАТЕГИЯЛЫҚ АУДИТ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2023-61-4-217-228
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кез келген мемлекеттің саясатының мықты болуы құрылған стратегияның дұрыстығына, ресурстарды ұтымды пайдалануына байланысты. Осыған орай қазіргі таңда әлем мемлекеттерінде стратегиялық аудиттің қалыптасу қажеттілігі пайда болды. Бұл бірқатар мемлекеттерде мемлекеттік аудиттің өзіндік бір типі ретінде қалыптасса, бізде тиімділік аудитінің бағыты мен мемлекеттік саясатты бағалау ретінде қалыптасты. Жоғары аудиторлық палатаның тәжірибесіндегі стартегиялық құжаттарды тексеру тәжірибесі зерттелді. Стратегиялық аудит бағалау ретінде және тиімділік аудитінің бағыты ретінде қалыптасқандығы, ал жүзеге асырылу барысында жеке тиімділік типі немесе кешенді тиімділік аудиті мен сәйкестік аудиті ретінде жүргізілетіндігі анықталды. Осылайша стратегиялық құжаттар аудитінде қаржылық есептілік аудиті қамтылмайтыны, стартегиялық құжаттардың құрылу кезінде көрсеткіштер мен құжаттардың арасындағы қарама-қайшылықтар бар екендігі анықталды. Аталған мәселелерді шешу үшін Канаданың бас аудиторлық кеңсесінің (GAO) озық тәжірибесі зерттелді. GAO тәжірибесінде стратегиялық аудит кешенді қаржылық есептілік пен тиімділік аудиті ретінде жүргізілуі Канада әдістемесінің тиімді назар аударарлық тұсы ретінде бағаланып, отандық тәжірибеде пайдалану ұсынылды. Одан бөлек стратегиялық құжаттарды қалыптастыру кезінде ТДМ-на жету үшін көзделген әр мақсатқа және оларды іске асыруға арналған арнайы көрсеткіштері зерттеліп, бекітілетіндігі отандық тәжірибеде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қалыптастыру кезіндегі қарама-қайшылықтарды шешуде пайдалану ұсынылды.