ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЕТЕГІНДЕ АРАЛАС СОДАЛЫ СОРТАҢДАНҒАН КЕБІРДІҢ ИОНДЫҚ ҚҰРАМЫНА ҚЫШҚЫЛДАУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘСЕРІ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2023/12
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

- Мақалада Іле Алатауы тау етегі жазықтығының ашық сұр топырақтар аймағында дақ түрінде қалыптасқан ауырқұмбалшықты содалы-сортаңданған кебірлерде фосфогипс, элементарлы күкірт және күкірт қышқылының баламалы дозаларымен қышқылдаудың салыстырмалы мелиорациялық тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілген далалық сынақтардың деректері берілген. Аталған мелиоранттарды тоғыз айлық инкубация мен екінші реттік тұздарды сумен шайю жұмыстарын жүргізуден кейін топырақтың су сүзіндісінің иондық құрамында пен иондарының концентрациясы азайған, нәтижесінде содалы сортаңданған топырақтың өте күшті сілтілі ортасы (рН ~ 9,0-10,0) бейтараптыға жақындаған (рН 7,4-7,9). Сонымен бірге топырақтың 0-20см қабатында сіңірілген натрийдің үлесі мелиоранттардың 9 ай инкубациядан кейін кебірленбеген дәрежеге жетіп, өсімдіктерге біршама қолайлы жағдай жасаған.