БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2023.v70.i3.11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі, сыртқы қолданушыларына толық мағұлмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі болып табылатындығы туралы және бухгалтерлік баланстың шаруашылық операциялармен байланыстылығы туралы айтылған. Бухгалтерлік баланс ұйым жаңадан енді құрылған уақытта жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе балансы деп аталады. Жалпы бухгалтерлік есепті зерттеп, оны тану ол кәсіпорында басқаруда маңызды шешімдерді қабылдай білуге көп мүмкіндік береді. Шаруашылық ресурстары және олардың көздерінің операциялары бухгалтерлік есепшоттарында өзара байланыста және үздіксіз әрі белгілі бір жүйеде көрсетіледі. Мақалада бухгалтерлік баланстың теориялық аспектілері қарастырылады, ол экономикалық қызметті басқаруда ақпараттық базаны құратын жүйені білдіреді – бұл барлық экономикалық формацияларға ортақ. Бұл зерттеуде авторлар әдеби шолуды және теориялық негіздерді талдау негізінде кәсіпорында әр күнтізбелік жұмыс күні ішінде бірнеше шаруашылық операцияларды жүргізілетіп жүретінін және осы операциялардың барлығы ұйымның капиталына белгілі бір дәрежеде әсер етіп, болашақта бухгалтерлік баланста көріс алатыны атап көрсетеді. Бухгалтерлік есептің жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы және ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген және бухгалтерлік есеп бірнеше компонеттерден тұратын күрделі модель.