ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДА КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2023.v69.i2.11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық кәсіпорындарда кәсіби тәуекелдерді бағалауда қолданылатын көрсеткіштер негізделеді. Саладағы қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту үшін қауіпсіздік жөніндегі мамандар жергілікті бағалауды жүргізуде шешуші рөл атқарады. Осылайша, қауіпсіздік тәуекелдерін қауіпсіздік мамандарының түсінуі мен қабылдауы тәуекелдерді бағалаудың сапасы мен сенімділігіне әсер ететіндігі қарастырылды. Ғылыми әдебиеттерге сәйкес, ұйымдағы кәсіби тәуекелді бағалауда жалпы көрсеткіштер қолданылады. Кәсіби тәуекелді жұмыстағы жазатайым оқиғалардың саны, жұмыскерлерді қауіпсіздік бойынша оқыту іс-шараларының саны және т.б. сияқты көрсеткіштер негізінде өлшеуге болады. Алайда, жалпы көрсеткіштердің қолданылуы ұйымның шынайы жағдайын көрсетпеуі мүмкін. Сондықтан зерттеудің басты мақсаты – өндірістік жарақаттанудың статистикалық мәліметтерін талдай отырып, кәсіптік тәуекелді бағалаудың жекелеген көрсеткіштерін анықтау. Кәсіби тәуекелдерді бағалауда Қазақстан Республикасындағы 2012-2021 жылдар арасындағы жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттану серпініне, еңбек қызметіне байланысты, оның ішінде өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны бойынша талдау жасалды. Көптеген жарақаттану факторлары мен жазатайым оқиғалардың негізгі себептері қарастырылып, тиісті уақыт кезеңіндегі өндірістік жарақаттану көрсеткіштері, экономикалық қызметтің, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы және жалпы мемлекеттегі өндірістік жарақаттану серпіні туралы қорытынды жасалды.