APPLICATION OF SEEDLING METHOD OF CULTIVATION USING HYDROPONICS IN PRIMARY RICE SEED PRODUCTION

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2023.v66.i3.095
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада күріштің бастапқы тұқым шаруашылығында әртүрлі күріш сорттарының тұқымын өндіруде көшеттерді гидропоника тәсілімен өсіріп, көшеттеп егу әдісін қолдануды зерттеу нәтижелері жөніндегі мәліметтер келтірілген. Зерттеу жұмыстары Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тұқым шаруашылығы бөлімінің зертханасы мен Қарауылтөбе тәжірибе учаскесінде жүргізілді. Бастапқы тұқым шаруашылығында көшеттеп өсіру әдісін қолданғанда жаңадан шыққан перспективті және пайдалануға рұқсат етілген күріш сорттарын өндіріске еңгізу мерзімін 2-3 жылға қысқартып, жоғары репродукциялы тұқымды қызыл дәнділіктен 100 пайызға дейін тазартуға, әрі күріш өндірушілердің сапалы тұқымға деген сұраныстарын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, көшеттеу әдісі арқылы отырғызылған күріш сорттарының өсімдіктері жығылуға, төгілуге және саңырауқұлақ ауруларына да төзімді болып келеді. Көшеттеу әдісінде ең жоғары өнімділік күріштің Лидер сортында (94,2 ц/га) байқалды, одан кейінгі орындарды АйКерім (81,5 ц/га) және Сыр Сұлуы (78,9 ц/га) сорттары иемденді. Бақылау нұсқаларымен салыстырғанда, қосымша өнім Лидер сортында – 47,7 ц/га (179,4%), АйКерім сортында – 23,3 ц/га (140,0%) және Сыр Сұлуы сортында – 31,3 ц/га (169,8%) тең болды.