Аңдатпа
Жол жабынына көлік қозғалысы мен қоршаған ортаға әсер ету нәтижесінде тозу үрдісіне ұшырайды. Жол жобынының ақаулары мен зақымдануларын уақтылы анықтау арқылы жол жабынына техникалық қызмет көрсету мен қалпына келтірудің тиімді бағдарламаларын әзірлеуге болады, осылайша айтарлықтай шығындар мен уақытты үнемдеуге қол жеткізуге болады. Жол жабынына техникалық қызмет көрсету кезінде деректерді жинау және талдау үрдісі өте маңызды. Жол ақауларын визуалды анықтау қымбат және уақытты қажет етеді. Бұл мақалада жаңа әдіс ретінде кіріктірілген талшықты оптика арқылы жол жабынының зақымдануын анықтау мүмкіндігі берілген. Бұл әдістің басты артықшылығы – бұл 1 см-ден аз кеңістіктік ажыратымдылығы жоғары оптикалық талшықтың үлкен ұзындығындағы деформацияларды өлшеуге мүмкіндік береді. Әр түрлі уақытта өлшенген деформация профильдерін салыстыру арқылы деформацияның өзгеруін жол жабынындағы зақымданудың пайда болуымен байланыстыруға әрекет жасалды.