Аңдатпа
Автомобиль көлігін дамыту үшін ақпараттық және сандық логистикалық қолдау, тауарлар мен көлік құралдарын бақылау мүмкіндігі қажет. Заманауи сапа менеджменті саласындағы қазіргі заманғы талаптарды қанағаттандыру үшін көлік кәсіпорындарында және Қазақстан Республикасының өңірлерінің даму қарқыны мен қарқындылығына байланысты техникалық проблемалармен айналысатын автосервис орталықтарының қызметін ұйымдастыру керек. Жүк автомобильдерін тиімді пайдалану үшін мұндай әрекеттер автомобильдердің сенімді жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық логистиканы енгізу және ұйымдастырған жөн болады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы жылжымалы құрамдарды қалыпты тиімді пайдалану үшін қажетті профилактикалық және техникалық қызметтермен жөндеу жұмыстарын көрсетуге арналған орталығының ақпараттық логистикасын ұсыну. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін индукция және байқау, жалпылау, ақпаратты құрылымдау, ақпаратты жүйелеу, факторлық болжау кешенді талдау әдістері қолданылды.